Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды

Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екіншісі үйге қонаққа келген 1990 жылғы азамат.

Қызылордада үй өртеніп, екі адамның мәйіті табылды
фото: ашық дереккөз

Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Төтенше жағдай 21 қараша күні сағат 17.43-те болған.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі алдымен тұрғын үйдің едені отқа оранғанын мәлімдеді. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылған. Оның біреуі 1966 жылғы үй қожайыны болса, екіншісі үйге қонаққа келген 1990 жылғы азамат. Оқиға орнына департаменттің үш қызметкері техникамен аттанды.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығуына себеп болған отты абайсызда қолдану, яғни темекі шегу, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.