Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматы мен астананың әуежайларына айыппұл салынды

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай  2,2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұл туралы zakon.kz. хабарлады.

Алматы мен астананың әуежайларына айыппұл салынды
Сурет zakon.kz сайтынан

Көліктегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны» үшін әкімшілік жаза қолданылғанын айтты. Әуежай 2,2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

«Бұған елорда әуежайындағы шектеу карантиндік шаралардың сақталмауы себеп болды: жолаушылардың келуі және кетуі үшін бөлек дәліздер ұйымдастырылмаған, ұшуға тіркелу және отыру кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, терминалдарда дезинфекциялық төсеніштер орнатылмаған, автобус жүргізушілерінің қолғаптары, кейбірінде маскалар да болмаған», - делінген хабарламада.

Қысқартылған жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайына Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 1600 АЕК айыппұл салынды.