Жол апаты Қостанай-Мамлютка (Владимировка кентінен 5 км) автожолының 46-шақырымында болды.
Қостанай облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды Paryz.kz.
Апат 13 қарашада сағат 19:20 шамасында Қостанай-Мамлютка (Владимировка кентінен 5 км) автожолының 46-шақырымында болды.
Алдын ала ақпарат бойынша, 36 жастағы әйел LIFAN көлігін басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, РФ 60 жастағы азаматы айдап келе жатқан жүк тиелген KAMAZ автокөлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан 14 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды, LIFAN жүргізушісі облыстық ауруханада қайтыс болды. 16 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Меңдіқара аудандық ауруханасына жеткізілді, деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Қостанай ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.