Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы полициясы қазақстандық дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полициясы қазақстандық дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

Алматы полиция департаменті қазақстандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Полиция мәліметінше, оларға 18 қазанда түнгі уақытта қоңырау келіп түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адамның айтуынша, үйдің ауласында белгісіз ер адамдар бастапқыда дауласып, артынша төбелескен. Нәтижесінде олардың біреуі құлап, екіншісі қылмыс орнынан жасырынуға асыққан. Келген кезде дәрігерлер тобы адамның өлімін анықтады. Оның аты-жөні бірден анықталды - 1989 жылғы Б есімді ер адам", - деді Полиция департаментіндегілер.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылғы ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, ол кінәсін мойындаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық, кеше, 18 қазанда қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, Сәбит Сырахан - танымал streetwear-брендінің дизайнері.