Отбасы қыркүйек айында елордаға Қызылорда облысынан көшіп келген.
Нұр-Сұлтанда алты бала газдан уланып қалды деп хабарлайды Paryz.kz.
8 қарашада сағат 7:40-та саяжай аумағында алты бала газдан уланған. Балалар 2009, 2011, 2013, 2017, 2020 және 2021 жылы туған. Улану дәрежесі орташа. Қазір дәрігерлер тексеріп жатыр, - деді ОКҚ брифингінде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова.
Оның айтуынша, бұл отбасы қыркүйек айында елордаға Қызылорда облысынан көшіп келген.
Бұған дейін осы уақытша ғимаратта басқа отбасы тұрып, үй аумағында профилактикалық тексеру жүргізілген. Мұндай фактілер бізде тіркеледі. Дәл осы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көбірек көңіл бөлу үшін, пештегі жарықтар мен бұзылуларды жою үшін демеушілерді тартуға тырысамыз. Мұның бәрі жылы уақытта жасалады, - деді ол.