Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Атырауда супермаркеттерден виски ұрлауды әдет қылған жігіт ұсталды

Ұрлық 2 қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.

Атырауда супермаркеттерден виски ұрлауды әдет қылған жігіт ұсталды
фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында супермаркеттерден 12 рет виски ұрлаған жігіт ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ұрлық 2 қараша күні сағат 21:00 шамасында болған.

Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданында орналасқан супермаркеттен күдіктінің виски ішімдігін ұрлаған сәті видеоға түскен. Бейнебақылау камерасын тексеру кезінде виски ұрлаған күдіктінің Атырау қаласында тұратын 1988 жылғы ер адам екені анықталды. Оның бұған дейін бірнеше супермаркеттен 11 рет виски ішімдігін ұрлағаны белгілі болды, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметінен.

Қазір аталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.