Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Өскеменде басы жарылған ер адамның мәйіті табылды

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған.

Өскеменде басы жарылған ер адамның мәйіті табылды
фото: tengrinews.kz

Өскемен қаласында басы жарылған ер адамның денесі табылды деп хабарлайды Paryz.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт кеше қаладағы шаштараздың бірінің маңынан табылған.

"102" жедел арнасына хабарласқан қала тұрғын басы жарылған ер адамның мүрдесі жатқанын жеткізген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп жеткен. Көп ұзамай марқұмның кім екендігі белгілі болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.