Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қостанай облысында 4 итті қатыгездікпен өлтіргендер әлі ұсталған жоқ

Олар иттерді буындырып, ломмен ұрып өлтірген.

Қостанай облысында 4 итті қатыгездікпен өлтіргендер әлі ұсталған жоқ
Фото: alau.kz

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоильиновка ауылының тұрғыны 4 қазанға қараған түні 4 иттің қатыгездікпен өлтірілгені туралы alau.kz редакциясына хабарлаған.

"Бәрі бір түнде және бір көшеде болған. Бірнешеуін буындырып, басқасын ломмен ұрып өлтірген. Үш ит ауладан тыс жерде, біреуі үйдің ауласынан табылды. Олар әдейілеп ең қабаған, қатты абалайтын овчарка иттерін өлтірген. Ит иелері полицияға хабарласты, бірақ, әзірге олардан еш хабар жоқ. Мұны кім жасағанын білмейміз, бірақ, жануарларды осылай қатыгездікпен өлтірген адамдар заң аясында тиіс жазасын алуы керек", - деген хабарласқан тұрғын.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған.

"5-6 қазан аралығында Новоильиновка ауылының үш тұрғыны Бейімбет Майлин ауданының полиция бөліміне иттерді қатыгездікпен өлтірген белгісіз адамдарға шара қолдану туралы өтінішпен жүгінді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның шеңберінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыскерлерді анықтау және оқиғаның мән-жайын түсіндіру бойынша кешенді шаралар қабылдауда", - деп хабарлады департаменттегілер.