Бір қызығы, күні кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Тоқаев осы мектепке атбасын тіреп, ұстаздар қауымымен және оқушылармен кездескен.
Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Өркен" мектеп-интернатының іргесінде электр бағанасы құлап қалған деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы қалалық мәслихаттың депутаты Мақпал Орынбетова өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
Апат айтып келмейді. Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған "Өркен" мектебінің кіре берісінде электр бағамы құлаған. Балаларға зияны тимес үшін мына апатты жағдайды шұғыл ретке келтіру керек, - дейді депутат.
Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
Бір қызығы, күні кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Тоқаев осы мектепке атбасын тіреп, ұстаздар қауымымен және оқушылармен кездескен.