Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақмола облысында ер адам өзін өртеп жіберген

Полицияға 49 жастағы тұрғыннан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқандығы туралы телефон хабары түскен.

Ақмола облысында ер адам өзін өртеп жіберген
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген деп хабарлайды Paryz.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазан күні сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқандығы туралы телефон хабары түскен.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ПД.