Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтан тұрғыны микроқаржы ұйымын тонамақ болған

Жанжал кезінде қыз дабыл түймесін басып үлгерген, алайда бұдан кейін қарақшы ізін суытқан.

Нұр-Сұлтан тұрғыны микроқаржы ұйымын тонамақ болған
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда ер адам микроқаржы ұйымын тонамақ болды деп хабарлайды Paryz.kz

Тал түсте бетіне медициналық бетперде таққан 34 жастағы жігіт клиент кейпінде МКҰ кеңсесіне келеді. Кабинетте кассирдің жалғыз екенін байқаған ол ақша талап етіп, кассирді тұншықтырмақ болған.

Жанжал кезінде қыз дабыл түймесін басып үлгерген, алайда бұдан кейін қарақшы ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жолын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам қылмыс жасаған соң аялдамаға барып, автобусқа мінген. Қоғамдық көлікте ол QR-код арқылы төлем жасап, соның көмегімен қылмыскердің жеке басы анықталды. Қарақшы бетперде мен капюшон киіп, жүзін жасырмақ болғанымен, полиция оның мекен жайын анықтап, қамауға алды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.