Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Орынборда ішімдіктен уланған 26 адам қаза тапты

Тергеушілер мен полиция Орскіде суррогат алкоголь сақталған және сатылған қойманы тапты.

Орынборда ішімдіктен уланған 26 адам қаза тапты
фото: ашық дереккөз

Ресейде Орынбор облысында ішуге арналмаған алкогольдан уланып, қаза болғандар саны 26 адамға жетті. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау министрлігі айтты деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Осыған дейін 21 құрбан болған адам туралы белгілі болған. Тағы 28 адам уланып, бірақ аман қалған.

Зардап шеккендер саны 54 адам. Бірақ ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, комаға түскендердің арасындағылар да қайтыс болып жатыр, – деп түсіндірді ведомство.

Орынбор облысында алкогольмен жаппай улану 7 қазанда белгілі болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер – Яснен, Домбаров және Адамов аудандарының тұрғындары. Ақжар ауылында бес баласы бар ер адам мен әйелі қайтыс болды. Қаза тапқандар саны өсіп жатыр.

Жергілікті биліктің айтуынша, суррогат арақ әртүрлі контейнерлерде және әртүрлі жерлерде сатылған. Талдаулар задап шеккендердің биологиялық сұйықтықтарында метанолдың болуын көрсетті, кейбір жағдайларда оның концентрациясы адам үшін өлімге әкелетін дозадан үш-бес есе жоғары болған.

Тергеушілер оқиғаға байланысты алты қылмыстық іс қозғады, алты күдікті ұсталды.

Бұл қауіпті алкоголь өнімдерін заңсыз өндіруді және сатуды ұйымдастырған Орск қаласының 29 жастағы тұрғыны, Ақжар ауылының 60 жастағы тұрғыны және Красночабанский ауылының 47 жастағы тұрғыны – қайтыс болғандарға суррогат арақты сатқан. Ал 50 жастағы Джасай ауылының тұрғынынан 132 бөтелке алкоголь тәркіленген.Тағы екі Орск тұрғыны 35 және 34 жаста, негізгі айыпталушылардың туыстары. Тергеу мәліметтері бойынша, олар ішуге болмайтын алкогольді өндіру мен таратуды ұйымдастыруға қатысқан.

Тергеушілер мен полиция Орскіде суррогат алкоголь сақталған және сатылған қойманы тапты. Онда 1279 бөтелке спирті бар өнімдер тәркіленді.