Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Алматыда жартылай жалаңаш ер адам ауруханада төбелес шығарды (ВИДЕО)

Кейін мас ер адам түрлі балағат сөздер айтып, ауруханаға кіріп кетеді. Артынша есікті сындырып, қайта сыртқа шығады.

Алматыда жартылай жалаңаш ер адам ауруханада төбелес шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы ауруханалардың бірінде болған төбелес видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды Paryz.kz

Кадрдан ауруханаға кіреберісте жартылай жалаңаш ер адамның полицеймен жанжалдасып тұрғанын көруге болады. Ол өзін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лейтенанты» және «Алмалы ауданында бөлім бастығы» деп таныстырады, ал әкесі «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-лейтенанты» екенін айтады.

Кейін мас ер адам түрлі балағат сөздер айтып, ауруханаға кіріп кетеді. Артынша есікті сындырып, қайта сыртқа шығады.

Полиция департаменті оқиға кеше түнде қалалық жедел жәрдем ауруханасында болғанын растады.

Олардың айтуынша, 27 қыркүйекте сағат 01.00 шамасында ер адам агрессия көрсетіп, Жедел көмек беру ауруханасында мас күйінде төбелес шығарған.

Алмалы ауданының полиция бөлімі бұл азаматты ұсақ бұзақылығы үшін жауапқа тартты, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция бұл азаматтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері емес екенін айтты.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар.