Бішкекте экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қастандық жасалды. Бұл туралы Қырғызстан социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Құндыз Жолдубаева мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
— Экс-президент мінген көлікке оқ жаудырылды. Алмазбек Шаршенұлы дін аман, жарақат алған жоқ, деп жазды ол Facebook парақшасында.