Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қостанайда болған жарылыстан екі адам ауруханада көз жұмды

Белгілі болғандай, жертөледе жиналған газ-ауа қоспасы темекі түтінінен жарылған.

Қостанайда болған жарылыстан екі адам ауруханада көз жұмды
фото: tengrinews.kz

Қостанайда тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің екеуі де күйік ауруынан көз жұмды. Олардың денесінің 90 пайыз және 60 пайызын күйік шалған болатын, – делінген хабарламада. 

Үйде үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жүрген, қабырғаны тығыздап жатқан. Белгілі болғандай, жертөледе жиналған газ-ауа қоспасы темекі түтінінен жарылған.

1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-ы күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-ы күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, – деген болатын Денсаулық сақтау басқармасы.