Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қостанай облысында тұрғын екі әйел мен тергеушіні атып тастады (ВИДЕО)

66 жастағы тұрғын көршісімен жанжалдасып, кейін үйінен аңшы қаруын алып шығып, мылтықты оңды-солды ата бастаған.

Қостанай облысында тұрғын екі әйел мен тергеушіні атып тастады (ВИДЕО)
фото: Alau.kz

Қостанай облысы Лисаковск қаласында ашуға булыққан ер адам тұрғындарға оқу жаудырып, салдарынан екі әйел мен тергеушіні жарақаттады деп хабарлайды Paryz.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Қылмыс бүгін таңертеңгі 11:00 шамасында болған. Қостанай облысы Лисаковск қаласының 66 жастағы тұрғыны көршісімен жанжалдасып, кейін үйінен аңшы қаруын алып шығып, мылтықты оңды-солды ата бастаған.

Қоңырау түскен бойда оқиға орнына арнайы тергеу тобы кетті. Полиция қызметкерлерін кіреберісте тұрғын мылтығымен ата бастады. Салдарынан бір тергеуші жараланды. Полиция қызметкерлері күдіктіге қарсы оқ атып, оны жаралады. Алайда ол ауруханада қайтыс болды, — деп хабарлайды Қостанай облыстық Полици департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ күдікті екі әйелді жаралаған. Оларды қансырап жатқан жерінен полиция қызметкерлері тауып алып, жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізді.

Тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура полицияның қару қолданғаны қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында тексеріс бастады, - дейді ПД баспасөз қызметі.

Осы үйде тұратын зейнеткер Валентина Тавруеваның айтуынша, ол итін серуендетуге шыққан кезде атылған мылтықтың дыбысын естіген.

Көптеген полиция қызметкері келді. Шошып кеттік. Полицейлер қылмыскерді жаралады. Ол бір тергеушіні атып тастады, - дейді Валентина Тавруева