"Рухани жаңғыру" - сапалы білім мен саналы тәрбие негізі

Оралдағы мектептердегі тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес құрылған. Бұл жұмыстар өз нәтижесін беруде.

"Рухани жаңғыру" -  сапалы білім мен саналы тәрбие негізі
Фото: Жұбан Мұрат

-Жүргізілген жұмыс нәтижелері қала мектептерінің түрлі деңгейдегі байқаулар бойынша жетістіктерінен көрінуде. Мәселен, тұңғыш рет өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде» кинофестивалінде «Өткір әлеуметтік тақырыптағы бейнеролик» аталымында №33 орта мектеп – бірінші орын, №38 мектеп-лицей, №42 мектеп-гимназия оқушылары «Qazaqstan» және «Хабар» арналарының «Дарын телеойынына» іріктеуінен өтіп, республикалық түсірілімге қатысты.  «Табиғатты аяла» республикалық форумында №37 мектеп – бірінші орын иеленді,-дейді Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова.

Айта кетейік, Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты 6 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді. 13 мыңнан астам оқушы қосымша білім беру ұйымдарында үйірмемен, 34 мыңнан астам оқушы мектептердегі үйірме, қосымша факультатив сабақтарымен қамтылған.

Қызметін тоқтатқан кәсіпкерлік субъектілерін жергілікті атқарушы биліктің қолдауы арқылы  «Той сарайы» мейрамханасы Орал қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының Зашаған кентіндегі филиалы – «Шабыт» балалар шығармашылығы орталығы болып ашылды. Бүгінде 1500 бала ондағы үйірмелерге қатысуда.

Жұбан МҰРАТ