Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жасыл облигацияларды шығару ісіне қалай үлес қоспақ?

Қазақстанға келер болсақ, 2013 жылы 2050 жылға дейін жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданды, оның аясында бірқатар жобалар іске асырылуда.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы жасыл облигацияларды шығару ісіне қалай үлес қоспақ?
Дереккөз: baigenews.kz

Жасыл облигациялар классикалық шығарылымдардан әлі де ерекшеленеді. Себебі листинг талаптарына сәйкес келуден басқа, эмитент белгілі бір жасыл стандарттарға сәйкес келуі керек. Қазақстанда осындай стандарттарды «Астана» халықаралық қаржы орталығы» (АХҚО) ілгерілетеді. Себебі бұл мақсатта онда арнайы алаң – жасыл қаржы орталығын құрылған. Оның басты мақсаты – Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде жасыл қаржыны дамыту болып табылады. "АХҚО-да түрлі эмитенттердің жасыл облигацияларды шығаруы және орналастыруы үшін, сондай-ақ осындай орналастыруларға инвесторлардың қатысуы үшін қажеттінің бәрі көзделген", - дейді сарапшылар. Осы орайда мамандар елдегі заң актілері қазақстандық сақтандырушыларды AIX-те бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуды шектейтінін, ал бұл өз ретінде инвесторлық базаны, оның ішінде жасыл облигациялар базасын да төмендететінін атап өтті. Ескеретін жайт, KASE-нің листингтік ережелері, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес, онда мұндай қаржы құралын шығару және орналастыру қарастырылмаған.

Әлемде «жасыл» облигациялар нарығы қалай дамыған?

Жасыл облигациялар нарығын талдайтын the Climate Bonds Initiative (CBI) халықаралық коммерциялық емес ұйымының зерттеулері соңғы жылдары шығарылымдар саны мен тарту көлемінің экспоненциалды артуын көрсетеді. Осылайша 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылғы $41,8 млрд-қа қарағанда, сол $259 млрд жасыл облигация орналастырылып, жалпы әлемдік нарық көлемі $1 трлн-нан асады деп бағаланды.

Жасыл облигациялар 2007 жылы баламалы энергия көздерін енгізуді қаржыландыруға ақша тартқан Еуропалық инвестициялық банк шығарғаннан күннен бастап айналымға енді деп саналады. Сөйтіп 2011 жылы CBI стандарттаудың негізін қалап, жел энергиясын өндіру саласындағы алғашқы Бонд стандартын жасады. Ал 2014 жылы «жасыл» облигациялардың принциптері жарияланды. Бұған дейін климаттық бондтарды шығаруда жетекші рөл халықаралық даму институттарына тиесілі болды, содан кейін ол ірі корпорацияларға, ұлттық даму банктеріне және муниципалды органдарға өтті. Бастапқыда инвесторлардың жасыл облигацияларды сатып алуының негізгі себебі төмен тәуекелді облигациялар есебінен портфельді әртараптандыру ниеті болса, соңғы бірнеше жылда сұраныс климаттың сақталуын қаржыландыруға деген ұмтылысты, сондай-ақ жауапты инвестициялаудың тенденциясы екенін көрсетеді. Бұл қаржылық аспектілерді ғана емес, сонымен қатар, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық тұрақтылық және корпоративтік басқару тұрғысынан шешім қабылдауды білдіреді. Әлемнің жетекші биржаларында қатысушылар инвестициялық преференцияларға әсер ететін және сол арқылы жасыл инвестицияларға көбірек қаражат бағыттайтын жауапты инвестициялардың арнайы хартияларына да қол қойылды.

Қаржы нарығы әлем елдерінің жаһандық бастамаларына қолдау көрсетуде. Сөйтіп, 2019 жылы 100-ге жуық ел парниктік газдар қалдықтарын 2050 жылға қарай едәуір азайтуға міндеттеме алды, ал бұл өз кезегінде жасыл технологияларға қосымша қаражат іздеуге жол ашты. COVID-19 пандемиясы қаржы нарығына, соның ішінде жасыл облигацияларға әсер етіп, сатылымдар ақпан-наурыз айларында бағаның төмендеуіне себеп болды. Алайда, CBI пікірінше, жасыл облигациялардың жаңа шығарылымдарында оң серпін байқалуы тиіс. Себебі, климаттың өзгеру сынды ғаламдық мәселелер күннен күнге өршіп, қоршаған орта мен адам денсаулығына сақ болу шарттары күн санап өзекті бола түсуде.

Қазақстанда «жасыл» экономикаға көшу тетіктері қандай?

Қазақстанға келер болсақ, 2013 жылы 2050 жылға дейін жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама қабылданды, оның аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. Жасыл бастамаларды қаржыландыруда халықаралық донорлар, ең алдымен ЕҚДБ мен ЕАДБ негізгі рөл атқарады. Бұл тұрғыда Қазақстан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамалар мен жасыл технологияларды халықаралық даму банктері қаржыландыра бастаған басқа елдерді артта тастай білді.

Егер жасыл облигациялар туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта инвесторлар ұзақ мерзімді инвесторлар үшін энергетика жеткілікті қызықты болғанына қарамастан, ЖЭК жобаларын қаржыландыру үшін бұл құралды пайдаланбай отыр. Ал Қазақстан оларды қолайлы заңнамамен және осындай жобаларды жүзеге асыру құралдарымен тарта алып отыр.

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Агрис Прейманис жаңартылатын энергетика жеке инвестор нақты жобаға ақша берген кезде жобалық қаржыландыруды пайдаланатынын атап өтті. Әзірге ЖЭК жобалары облигациялар шығаруға жарамайды, өйткені олар мәмілені құрылымдау үшін тым күрделі Агрис Прейманис. Әдетте, бұл мемлекеттік жобалар емес және инвестор нақты тәуекелдерді қабылдауы керек. Оның айтуынша ЖЭК жобалары бастапқы тәуекелдерді іске асырғаннан кейін портфельдік инвесторларды қызықтыруы мүмкін деп санайды. Мысалы, станциялар салынып, ҚР Үкіметімен концессия мерзімі аяқталғанға дейін уақыт қалады. Міне, сол кезде облигациялар шығару арқылы бірнеше жобалардан әртараптандырылған портфель құруға болады. Мұндай қор институционалдық инвесторлар үшін әлеуетті түрде қызықты болады.

Жалпы жасыл экономикаға инвестициялар тартуға келетін болсақ, Прейманистің пікірінше, Қазақстан үшін тақырып өте өзекті болмақ, сол себепті ендігі орында мәмілелерді құрылымдау мәселесі қалуда. "Егер облигациялар шығаруға жарамды жобалар болса, инвесторлар табылады", – дейді ол.

Жобаларды субсидиялау барысында валюталық тәуекелдерді ескеруі тиіс, дейді AIX басқарушы директоры Тимур Абушкин. Оның айтуынша, жергілікті валюта туралы сөз болғанда, жасыл жобаларға бәсекелес болу қиын болатын, өте жоғары базалық мөлшерлемені ескеру қажет. "Шетелдік валютадағы жобалар арзан, мәселе елдегі теңгелік кірісі бар жобалар мен инвестициялардың қайтарымы валюта бағамына байланысты болады", – дейді Абушкин. Сондықтан Қазақстанда инвесторларға инженерлік жобалардан, сатып алулардан және құрылыстан бастап, әдеттегі несие желілері шеңберінде өз ақшаларын пайдалана отырып, толық қаржыландыруға дейін жасыл жоба жасау тиімді. Осы тәсілді қолдана отырып, ел соңғы уақытта экономикаға жүздеген миллион доллар тартқан.

Шетелдік елдердің тәжірибесі бойынша «жасыл» экономиканы жаппай бір түнде жасау мүмкін емес екені байқалады. Ақша белгілі бір салаға түсуі үшін инвесторлар пайдасын көруі керек. EY компаниясының Орталық Азия, Кавказ, Украина және Беларусь елдері бойынша өңірлік директоры Виктор Коваленконың пікірінше, жасыл экономикаға көшуді экономикалық тұрғыдан тартымды ете отырып, мемлекет жасыл жобаларды ынталандырудың драйвері бола алады. "Мысалы, Қытай тәжірибесін алайық, онда мемлекет экологиялық нормаларды қатаңдатты, соның салдарынан жасыл технологияларға елеулі сұраныс болды, оған қаржы нарығы жауап бере бастады. Біз алдымен жасыл жобаларға автоматты түрде сұраныс болатынына үміттеніп, соған сәйкес қаржы нарығын құруға тырысамыз", - дейді мамандар.

Олар сондай-ақ Қазақстанда баламалы энергия өндіруге жұмсалатын шығындар, бүгінде көмір өндіруге қарағанда жоғары екенін айтады. Алайда, әлемде жаңартылатын және дәстүрлі энергетикадағы бағалар көміртегі салықтарымен теңестірілгендіктен, салдарынан екіншісі қымбатқа түсуде. Сондықтан инвесторлар ЖЭК-ке баса мән беріп отыр. Мамандардың пікірінше, қазақстандық нарық үшін жаңартылатын энергия көздеріне жаппай көшу, өкінішке орай, өзекті емес, өйткені дәстүрлі энергия көздері арзан және инвестициялар ұзақ уақыт бойы өтеледі. Бірақ, ЕО жоспарлаған трансшекаралық көміртекті импорттық баж тетігі күшіне енгеннен кейін, ЕО елдеріне сырттан жеткізілетін көміртекті көп қажет ететін кез-келген өнім қымбатқа түспек. Компанияларға олардың қызметіне байланысты парниктік газдардың (ПГ) тікелей және жанама шығарындыларына түгендеу жүргізу, тиісті есептілік дайындау және ең бастысы өз өнімін арзандату үшін ПГ шығарындыларын азайту мүмкіндіктерін іздеу қажет болады. Осыдан кейін инвестициялардан, оның ішінде жасыл энергетикадан қаржылық пайда пайда болмақ.

Сонымен қатар, отандық бизнес алдағы жылдары жасыл технологияларға көшуі әбден мүмкін. Себебі қазақстандық экспорттың елеулі үлесі жүріп жатқан Еуропада айтулы оқиғалар орын алуда. 2021 жылдың қаңтарынан бастап ЕО трансшекаралық көміртекті импорттық баж деп аталатын енгізілді.

Бұл ЕО елдеріне импортталатын барлық өнімдерге осы өнімді өндіру кезінде атмосфераға қанша тонна ПГ тасталғанына байланысты материалдық ақша салығы салынатынын білдіреді.

Бұл талап қазақстандық экспорттаушы – металлургтер мен өндіруші компанияларға тікелей қатысты болмақ. "Біздің өндірушілер оларды не күтіп тұрғанын әлі толық түсінбеді, ал Ресейде бизнес бұл мәселемен бетпе-бет келуде. Мұндай жағдайда не істеу керек? Атмосфераға қанша ПГ шығарылатынын, шығарындыларды қайда және қандай түрде азайтуға болатындығын талдау керек", - дейді мамандар. Сарапшылардың пікірінше, экспорттаушылардың экологиялық баж түріндегі ақшасы елде мақсатты қорлар ретінде қалуы үшін құралдар қажет, соның есебінен өндірісті жаңғырту және ПГ шығарындыларын азайту қажет.

Қазақстан жасыл энергетиканы дамытуда Еуропадан алыс кете алмайды. Себебі Еуропа өз экономикасын көміртекті аз, ал көміртекті көп қажет ететін өнімдерді қымбатқа түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Еуропаның белсенді Экологиялық күн тәртібі Қазақстанға әсер етеді, онда көптеген өндірістер шетелдік инвесторлармен қаржыландыруды тоқтатады. Әрине бұған жол бермеу үшін қазірден бастап әрекет еткен абзал.