Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында екпе салдырған ер адам төсекке таңылып қалған

Жекеменшік емханадағылар өз қателігін мойындамады, тіпті медициналық көмек беруден бас тартты. 

Алматы облысында екпе салдырған ер адам төсекке таңылып қалған
фото: видеодан скриншот

Алматы облысының тұрғыны екпе алғаннан кейін төсекке таңылып қалғанына сенімді. Инъекцияны оған жекеменшік емханалардың бірінде салып берген. Өзінің нашар сезінгенін ер адам бірден білген, алайда қазір жүріп-тұра алмай қалған. Туыстары кінәлілерді жазалауды сұрап, полицияға арыз жазған деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші телеарнасына сілтеме жасап.

Мені аяққа тұрғызыңыздаршы, өтінемін. Сіздерге келіп едім, ауру етті, – дейді ол.

40 жастағы Николай Кулигин көз жасын тыя алмады. Үш апта бұрын ол екі жерде жұмыс істеп, үлкен отбасын қамтамасыз етіп жүрген. Көп балалы әке жеті кәмелетке толмаған баланы асырап отырған еді. Ал енді төсектен тұра алмай, балдаққа байланған. Тексеріс кезінде Николай урологиялық мәселелері бар екенін анықтаған. 

Дәрігер қабынған простатитімнің бар екенін айтты. Барып варикол алып салдырт дейді. Алып келіп салдырттым. Содан бастап қышыма басталды. Бәрі басылатын шығар деп ойладым. Базарға бара жатқанда жүре алмай тұрып қалдым, тізем тартылып, сүйегім қақсады, – дейді ол. 

Қазір ер адам тек аруды басатын дәрілермен ғана жүр. Бір ай бұрын ғана Николай Кулигин бақытты, дені сау адам еді. Әлі күнге дейін жағдайды не ушықтырғанын анықтау мүмкін болмай келеді. Алайда туыстары бұл препараттың дозасы көбейіп кетті деп болжайды. 

Айтуынша, бұл дәрі жануарларға салынады, ал адамдарға салу үшін оны ледокоинмен араластыру қажет. Мұның бәрін қалай жасағаны белгісіз. Ер адамды тұрғылықты мекен жайы бойынша қабылдаудан бас тартуда. 

Бізде сегіз бала бар, үлкен ұлым 21-де, ол әйелімен бөлек тұрады, қалғандары кішкентай. Үшеуі мектепке барады.
Үйде жөндеу жұмыстары басталды, мұнда батареялар тарту керек, өйткені балалар қыста жаурайды. Енді бәрі бір күнде құртылды, – дейді жұбайы Нелли Петрова.

Жекеменшік емханадағылар өз қателігін мойындамады, тіпті медициналық көмек беруден бас тартты. 

Николайдың әйелі полицияға арыз жазған. Ол Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жіберілген. Егер емханада тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталса істі тергеушілер анықтайды.