Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақстандық банктерге цифрландыру жүйесі қалай енгізілуде?

Коронавирустық пандемия аз уақыт ішінде қазақстандық банктердің цифрлық әлеуетін кеңейтіп, тұтынушы мен банк клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер деңгейін көтеруге оң ықпалын тигізді.

Қазақстандық банктерге цифрландыру жүйесі қалай енгізілуде?
Дереккөз: hse.ru

Цифрландыру жүйесі банктерге бонустармен бірге бірқатар тәуекелдер алып келетінін, бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Осы ретте, материалдың бүгінгі санын осы тақырыпқа арнауды жөн санадық.

Қаржы саласындағы цифрландыру жүйесі 2020 жылғы коронавирустық пандемия кезеңіндегі шектеулер кезінде қазақстандық банктерге тікелей әсер еткені айқын.  

Мысалы, Еуразия даму банкі (ЕДБ) бөлімшелерінде ұсынылған дәстүрлі қызметтер халық пен бизнес үшін банк өнімдерін пайдалану жылдамдығы мен қолжетімділігін арттыра отырып, Интернет-банкинг пен мобильді қосымшалар арқылы онлайн-форматқа көшкен болатын.

Ал, «Центр Кредит» Банкінің өкілдері: «Қазіргі уақыттағы пандемия кезінде бүкіл нарық үшін ең үлкен нәтиже, әрине клиенттерге қашықтықтан онлайн форматта қызмет көрсету болды. Дәл осы бағытта барлық банктер процестерді жедел ұйымдастырып, тиімді түрде жүзеге асыра алды», - деген болатын.

Банк секторын цифрландырудың екінші маңызды әсері - ЕДБ IT-жүйелердің мемлекеттік мекемелердің жүйелерімен жаппай интеграциялауы деп айтуға болады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтердің жиі қол жетімсіздігі ЕДБ-ға өз қаржылай нарықтық жүйелерін қайта құру қажеттілігіне алып келді және банк секторларының сервистерін жедел өзгерту мүмкіндігіне оң әсер етті.

Цифрландыру жүйесінің отандық банктерге тигізген үшінші әсері -мыңдаған қызметкерлердің қашықтықтықтан онлайн форматтағы жұмыс режиміне тез ауысуы болды. Іс жүзінде бұл банктердің технологиялық платформасына, соның ішінде банктердің несиелеу қарқынын арттыруға және көптеген өнімдер мен қызметтерді мобильді цифрлық форматқа көшіре отырып, оларды жедел жаңартуға мүмкіндік бергенін ескеру керек.

Мәселен, тек 2021 жылы ЕДБ банк секторында жаңа стратегия қабылдап, соның аясында банктің технологиялық платформасы мен ұйымдық құрылымын, сондай-ақ сервистік моделін түбегейлі цифрлық бағытта өзгертуге толығымен кірісті. Бұл ауқымдық жұмыстарда клиенттердің ағымдағы сұрақтары мен ұсыныстарын талдап, жаңа қажеттіліктерін анықтау, банк қызметтерін дербестендіру және қашықтықтан онлайн форматта қызмет көрсету арналарын кеңейту арқылы клиенттік тәжірибені жаңартуға баса назар аударылды.

Сонымен қатар, коронавирустық пандемия аз уақыт ішінде қазақстандық банктердің цифрлық әлеуетін кеңейтіп, тұтынушы мен банк клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер деңгейін көтеруге оң ықпалын тигізді. Сондай-ақ, айқын тұтынушылық артықшылықтармен цифрландыру жаңа тәуекелдердің көзі болып табылды, соның ішінде жеке деректерге рұқсатсыз қол жеткізу, ақпараттың жоғалуы немесе байланыс жүйелері мен арналарының техникалық ақаулары, кибершабуылдар жағдайында транзакция жүргізу мүмкін еместігіне талдау жасалды. Банк саласындағы бұл өзгерістер, әсіресе, жаһандық сарапшыларды алаңдатуда. Мысалы, S&P Global Ratings агенттігі жарияланған «Жаңа дәуірдегі кибершабуылдар: банк рейтингіне әсері» атты баяндамасында банктерге кибершабуылдардың жиілеп кеткені айтылады.

Осы агенттіктің сарапшылары: «Кибершабуылдар саны туралы сенімді статистика әрдайым бола бермейді, ішінара ақпараттың бір бөлігі ғана ашылуы мүмкін болғандықтан, біз қаржы ұйымдарына жасалған кибершабуылдар туралы БАҚ хабарламаларының көбеюін байқаймыз», – деп мәлімдеді. Агенттік сарапшылары банк секторы киберқылмыскерлердің қызметіне байланысты тәуекелдерге көбірек ұшырайды деп санайды, себебі коронавирустық пандемия шектеулері мен қашықтықтан онлайн форматта жұмыс істеу тетіктері банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының цифрландыру деңгейін арттыруға мәжбүр етті деп санайды.

Американдық Guidewire консалтингтік компаниясы келтірген мәліметтерге сәйкес, қаржы ұйымдары үшін кибер оқиғалардың көпшілігі деректерді ұрлаумен айналысатындығында деп көрсетілген.

Компания өкілдерінің пікірінше, банк секторы бірнеше себептерге байланысты кибершабуылдарға ұшырайды. Біріншіден, қауіпсіздік жүйелерін бұзу арқылы қылмыскерлер ақшаға қол жеткізе алады. Екіншіден, банктер киберқылмыскерлер үшін үлкен қызығушылық тудыратын жеке деректердің едәуір көлеміне ие болып отыр.

S&P Global Ratings сарапшылары банктердегі кибершабуылдар IT-инфрақұрылымдардың заманауи технологиялары мен кемшіліктерін пайдаланады деп есептейді. Олар банкті бопсалау немесе оның клиенттері туралы деректерді ұрлау үшін, олардың жұмысын бұзу мақсатында клиенттік сайттарға (DoS-шабуылдар деп аталатын) шабуыл жасайды деп есептейді.

Дегенмен, банк секторларындағы цифрландырудың басты жетістігі – онлайн форматта қашықтықтан банктің өнімдерін сату арналары мен цифрлық сервистерді пайдалану жүйелері олардың жұмыс тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

Цифрландыру және бағалау

Бүгінгі күні банктер үлкен дерекқорларды өңдей бастағандықтан, өз кезегінде модельдік тәуекелдерді басқарудың маңызды буынына айналуда. Тәуекел менеджментінің рөлі бірнеше рет күшейтіледі,                 ал рәсімдер қайта қаралып, цифрлық процестер енгізіледі. Мұндай процестер ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы – бұл несие беру туралы шешім қабылдаудың автоматтандырылған жүйелері және клиенттерді бақылау жүйелері болып табылады. Мониторинг - бизнесті қаржыландыру процесінде ерекше маңызға ие дейді сарапшылар. Себебі, соның арқасында бүгінде ірі қарыз алушылардың мәселелерін ерте анықтауға мүмкіндік тууда. Бұл нақты уақыт режимінде бизнес-клиенттің капитал жеткіліктілігі мен өтімділігін талдауға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.

Тәуекелдерді басқарудың ішкі процестері өзін-өзі бағалау болып табылады, бұл теріс сценарий негізінде банктің тиімділігін тексеруге және проблемалық аймақтарды тез анықтауға мүмкіндік береді. Шын мәнінде, бұл банктің ішкі процестерін де, цифрлық сату арналарын да тексере алатын стресс-тестілеу жүйелері болып табылады. Соңғысы үшін penetration test – ақпараттық қауіпсіздіктің осалдығын тестілеу қолданылады. «Мысалы, біз оларды мобильді қосымшалардың жаңа нұсқаларын іске қоспас бұрын белсенді қолданамыз», – мамандар. Сондай-ақ, операциялық тәуекелдерді анықтаудың цифрлық құралдары мен кредиттік тәуекелдерді белгілеудің математикалық модельдері,скоринг арқылы қолданылатынын ескерген абзал.

Бүгінгі күні Қазақстанда банк секторын стресс-тестілеу тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Стресс-тестілеу жүйесі банктердің көптеген техникалық және қаржылық көрсеткіштерін бағалайды. Тағы бір мәселе – цифрлық байланыс арналарын пайдалану кезінде клиентті сапалы онлайн форматта қашықтықтан сәйкестендіру болып табылады. Осы орайда, еліміздегі Nur Bank банк мамандары: «Big Data технологиясы – бұл кредит беру процесінде банк жинақтаған әртүрлі ақпараттың күрделі және көлемді жиынтығын жинақтайды. Банктің негізгі міндеті мен мақсаты – қарыз алушыны бағалау және қарыз алушыны тәуелсіз дерек көздерінен кредит беру туралы шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпаратты алу болып табылады», – деп атап өтеді.

Бұл міндеттер мен мақсаттар үшін банктер кредиттік бюролардың есептерін және зейнетақы аударымдары туралы мәліметтерді толық пайдаланады. ЕДБ-де мемлекеттік деректер базасына қосылу мүмкіндігі пайда бар, осы үрдіс дұрыс мәліметтерге сүйене отырып, шешімдер қабылдауға және әлеуетті қарыз алушыға талдау жасауға, сондай-ақ ұсынылатын құжаттар топтамасына қойылатын талаптарды қысқартуға толық мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

2020 жылы сovid-19 пандемиясына байланысты туындаған әлемдік дағдарыстың алдында ҚР Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ЕДБ-AQR активтерінің сапасын бағалауды жүргізу бойынша бірқатар жұмыстың нәтижелерін ұсынды. Бағдарлама 14 ЕДБ-ны қамтыды, олардың үлесіне банктердің активтерінің 87%-ы және жалпы несие портфелінің 90%-ы тиесілі болды, соның ішінде 9 қазақстандық және 5 шетелдік банк кірді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша AQR нәтижелері жүйелік деңгейде де, AQR-ге қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де секторда капитал тапшылығы байқалмағанын, ал салымшылар үшін тәуекелдер болмағанын растады.