Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша қолма-қол ақшасыз транзакциялар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында кеңінен қолданылады.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Талдау орталығының ақпаратына сәйкес Қазақстанда тек былтырғы жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,6 есеге артып, 34,6 трлн. теңгені құраған. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 45,5%-дан бастап, 67,4%-ға дейін ұлғайғанын атап өткен жөн.
Қазіргі таңда, қолма-қол ақшасыз операция әдістерінің ішінде интернеттегі транзакциялар ең танымал болып табылады және барлық қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің 81% құрайды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз операция аясында интернет арқылы транзакциялардың көлемі 28,2 трлн. теңгені құраған.
Сонымен бірге өткен жылдың қорытындысы бойынша, мемлекетте несиелік (кредит) карталар саны екі есеге (5,3-тен 10,9 млн. бірлікке дейін), ал дебиттік карталар – 40%-ға (25,5-тен 35,6 млн. бірлікке дейін) өскен. Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір 100-ші тұрғынына 189 дебиттік және 58 кредиттік карта тиесілі болып табылады. Егер, covid-19 пандемиясына дейін банктер мен финтех-компаниялардың төлем инфрақұрылымын жоспарлы түрде дамыту қолма-қол ақша нарығының негізгі драйвері болса, онда 2020 жылдың екінші тоқсанында есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанын дамыту үшін әлеуметтік алшақтаудың шектеу шаралары қосымша серпін бергенін ерекше атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша қолма-қол ақшасыз транзакциялар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында кеңінен қолданылады, республикалық маңызы бар қалалардағы бұл төлем карталары мен мобильді төлемдерді қабылдайтын сатушылардың көптігімен түсіндіріледі.
Мысалы, Алматы қаласында қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемі бойынша рейтинг көшбасшысы болып тұр, осы өңірдің бір тұрғынға 5,1 дебиттік және 1,4 кредиттік карталар келеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысы үшін тиісті көрсеткіштер рейтинг аутсайдері болып тұр, оның ішінде жан басына шаққанда 1,3 дебиттік және 0,4 кредиттік картаны құрайтыны анықталды.