Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Елімізде МӘМС аясында тегін медициналық көмекті кімдер ала алады?

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкер үшін 2021 жылы жалақының 2%-ы мөлшерінде аударымдар төлейді, тағы 2%-ы жұмыскерлердің жалақысынан ұсталатын болады.

Елімізде МӘМС аясында тегін медициналық көмекті кімдер ала алады?
Дереккөз: pixabay.com

Пандемия жылы медициналық сақтандыру  жүйесінің жұмысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін атап өткен жөн. Бұл туралы МӘМС Коммерциялық емес акционерлік қоғамы өкілдерінің қатысуымен өткен, «МӘМС: 2021 жылға арналған өзекті мәселелер» онлайн-брифингі барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының түсу үрдісі жалғасып жатқандығы, соның ішінде бизнес үшін жеңілдігі бар кезең аяқталғаны белгілі болды.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні барлық түскен төлемдердің бестен бір бөлігі Алматы қаласына тиесілі болып. «МӘМС жүйесін енгізген сәттен бастап қорға 529,1 млрд теңге түскен. Алматы қаласынан түскен түсімдердің жалпы сомасы 99,5 млрд теңгеден асты», - дейді мамандар.

Пандемия жылы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде жарналарды төлеудің жеңілдікті кезеңі енгізілген болатын. Енді медициналық сақтандырылған алматылық азаматтардың саны азайғаны анықталды. Бұл дегеніміз, барлық адамдар алдыңғы 12 айдағы төлемдерін тексеруі керек. «Егер 2020 жылдың тамыз айында Алматы қаласы бойынша медициналық сақтандырылмаған азаматтардың саны 22,6% болса, жыл соңына қарай сақтандырылмаған тұрғындардың үлесі 15%-ға дейін төмендеген. Бірақ 2021 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 18,5%-ға дейін өскен», - дейді жауапты мекеме өкілдері.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша Алматы қаласы 1,9 млн. жергілікті тұрғындардың ішінде 2021 жылғы ақпан айының басында медициналық сақтандырылған халықтың саны 81,5%-ды, ал медициналық сақтандырылмаған халықтың саны 18,5%- ды (389 356 адам) құраған. Осы 389 мың медициналық сақтандырылмаған адамдардың көпшілігі (142 999) Бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) төлеушілері болып табылады, бұған қоса 100 818 жарналар мен аударымдар тоқтатылған санатқа жатады, 15 452 – жеке кәсіпкер иелері, 7635 – Азаматтық-құқықтық сипат (АҚС)  бойынша және 2682 – дербес төлеушілерді құрайды. Бұл адамдар медициналық көмек алуы үшін олардың деректері «сақтандыру» жүйесіне енгізілуі тиіс. Себебі, ӘМСҚ алдында қарыз пайда болады және олар медициналық көмек ала алмайды. Қор «сақтандыру» жүйесіне деректерді енгізу мерзімін 2021 жылдың I тоқсанының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданған.

Сонымен бірге МӘМС қоры өкілдері қымбат медициналық процедуралар қолжетімді екенін жеткізді. Мысалы, өткен жылдың 12 айында Алматы қаласы бойынша медициналық КТ/МРТ 41 540 қызметі көрсетілген. Оған 543,1 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ, 1,2 млрд. теңге сомасына онкологиялық ісіктерді анықтау үшін ПЭТ-диагностикасының 7 мың қызметі жүргізілген деп атап өтті.  

Қазақстандық азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін (бұл шамамен 11 млн. азамат) жарнаны мемлекет аударады (орташа айлық жалақының 1,6%-ы). Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкер үшін 2021 жылы жалақының 2%-ы мөлшерінде аударымдар төлейді, тағы 2%-ы жұмыскерлердің жалақысынан ұсталатын болады. Жеке кәсіпкерлер өздері үшін жарна төлейді. 2021 жылдан бастап ай сайынғы төлем өзгеріссіз қалады - 1,4 ең төменгі жалақыдан (ЕЖТ) 5% (2975 теңге). Қазақстан аумағында өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1 млн. азаматы жарналарды екі тәсілмен: ЕТЖ-нің 5%-ын төлей отырып, 2125 теңге төлей алады немесе БЖТ қатысушысы ретінде салық есебіне тұруға және 1 АЕК төлеуге болады, егер қала тұрғыны болса 2917 теңге, ал ауылда тұратын тұрғындар 0,5 АЕК – 1458 теңге болып табылады. АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтардан 2% ұсталуы тиіс (8500 теңгеден артық емес, яғни 10 ЕТЖ-дан 2%).

«ӘМСҚ келіп түсетін қаражат түсімдерінің негізгі бөлігі, соның ішінде 79 млрд. теңгеден астам – бұл жұмыс берушілердің аударымдары, қалған бөлігі 20,5 млрд. теңге – жеке кәсіпкерлер мен АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдардың жарналары болып табылады. Әр ай сайын БЖТ төлеушілердің өсу үрдісі байқалады. 2019 жылдың басынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған 197 мыңнан астам алматылық жергілікті тұрғын 392,3 млн. теңге көлемінде БЖТ-ны төлеген»,- дейді мамандар.