Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

2021 жылы Қазақстандағы зейнетақы көлемі қаншаға артты?

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің зейнетақы көлемі тағы да өсті.

2021 жылы Қазақстандағы зейнетақы көлемі қаншаға артты?
Дереккөз: inbusiness.kz

Қазақстанда 2021 жылы зейнетақы көлемінің арттыру – ел Үкіметінде әлеуметтік стандарттарға қатысты жүргізіліп келе жатқан, жүйелі өзгерістер кезеңінің бір көрінісі болып табылады. Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі үнемі жетілдірілуде, сол себепті елде зейнеткерлердің зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен артуда.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің зейнетақы көлемі тағы да өсті. Естеріңізде болса, Қазақстанда зейнетақыны индекстеу  үрдісі басталған болатын. Бұл процедура зейнеткерлерге қаржылық төлемдердің екі түріне де әсер етпек: олардың біріншісі бірлескен, ынтымақтық зейнетақы болса, екіншісі –базалық, яғни негізгі зейнетақы болып саналады.

Сонымен бірге қариялағарға берілетін зейнетақы сомасына АЕК-ең төменгі есептік көрсеткішінің көлемі де әсер етеді. 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Президенті "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына қол қойып, оған сәйкес 2021 жылдың басында АЕК 2 917 теңгеге дейін ұлғайған еді. Осыған байланысты зейнеткерлердің зейнетақылары да келесі көлемде өзгерген болатын:

  • Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 1 689 теңгеге өсті. Нәтижесінде Қазақстанда базалық зейнетақының ай сайынғы мөлшері 18 524 теңгені құрады. Мұндай зейнетақыны жұмыс өтіліне қарамастан, еліміздің зейнет жасына жеткен барлық азаматтары ала алады.
  • Сол сияқты ынтымақты зейнетақы 7%-ға өсті. Осылайша, енді Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы 43 272 теңгені құрады. Алайда зейнетақының бұл түрі еңбек өтілі 25 жылдан асқан ерлер мен еңбек өтілі 20 жылдан асқан әйел адамдар ғана ала алады.

Зейнетақы мөлшерін қалай есептеуге болады?

2018 жылдан бастап Қазақстанда базалық зейнетақыны төлеудің жаңа әдісі енгізілді. Осыған сәйкес, зейнет жасына шығатын азаматтар оны төмендегідей есептей алады:

  • Зейнетақының бұл түрін алатын тұлғалар ең аз дегенде, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - ын ала алады. Мұндай зейнетақыға тәжірибесі 10 немесе одан аз жыл немесе еңбек өтілі мүлде жоқ азаматтар қол жеткізе алады.
  • Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл болса, онда ол ең төменгі  күнкөріс деңгейінің 56%-ын ала алады.
  • Ал еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74% мөлшерінде, базалық зейнетақы алатын болады.
  • Сол сияқты 30 жылдық еңбек өтілі бар азаматтар ең төменгі  күнкөріс деңгейінің - 94%-ын алады.
  • Қазақстанда ең жоғары зейнетақы (базалық зейнетақы) 33 және одан да көп жыл еңбек өтілі болған жағдайда, зейнеткер ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде зейнетақы ала алуы мүмкін.

Зейнетақы өтілі зейнетақы мөлшеріне қалай әсер етеді?

Қазақстанда міндетті жарналар аударылатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жұмыс істейді. Ел азаматтары қызмет еткен уақытта, аталған қорға аударымдар жасап, қаражат жинайды. Мұндай аударымдардың мөлшері азаматтардың алған жалақысына тікелей байланысты болмақ. Зейнетақының бұл түріне базалық зейнетақы сияқты шектеу қойылмаған.

Қазақстандағы зейнетақы реформасы

2021 жылы елімізде зейнетақы жасына қатысты өзгерістер орын алды. Бүгінде мұндай өзгерістер тек әйелдерді ғана қамтып отыр, ал ер адамдар заңға сәйкес, 63 жаста зейнетке шыға алады. Республикада 2018 жылдан бастап әйел адамдардың зейнет жасы жыл сайын жарты жылға артып келеді. Осылайша, елімізде әйел адамдардың зейнет жасының ұлғаю үрдісі ерлермен теңескенше, яғни 2027 жылға дейін жалғасады:

  • 2021 жылғы қаңтар — 60 жас;
  • 2022 жылғы қаңтар — 60,5 жас;
  • 2023 жылғы қаңтар — 61 жас;
  • 2024 жылғы қаңтар — 61,5 жас;
  • 2025 жылғы қаңтар — 62 жас;
  • 2026 жылғы қаңтар - 62,5 жас;
  • 2027 жылғы қаңтар - 63 жас.

Десе де еліміздің кей азаматтары зейнетке ертерек шыға алады. Қазақстан Республикасы "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында зейнеткерлікке ерте шығудың баламалы нұсқалары көрсетілген. Оған сәйкес,  зейнетке шығушы азаматтар зейнетақы төмендегі жағдайларда ерте шыға алады:

  • радиоактивті аймақта 5 жылдан астам уақыт тұрса, онда ер адамдар — 50 жастан, ал әйел адамдар 45 жастан бастап зейнетақы төлемдерін ала алады.
  • сол сияқты 5 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналар зейнетке ерте шыға алады, алайда мұндай жағдайда олардың балаларының жасы сегіз жастан аспауы керек. Егер аталған шарттар сәйкес келсе, көп балалы ана 53 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін ала алады.

Сонымен бірге биылғы жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтар БЖЗҚ-ғы қаражаттарының артылған сомасын мерзімінен бұрын алуда. Жаңа заң бойынша ел тұрғындары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мынадай мақсаттар үшін пайдалана алады:

  • тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін;
  • емдік мақсатта немесе дәрі-дәрмектерді төлеу үшін;
  • сенім білдірілген жеке тұлғаларға беру үшін мерзімінен бұрын алуға рұқсат етіледі.

Естеріңізде болса, мемлекет басшысы бұл жаңалықты 2020 жылдың қыркүйегінде жариялаған еді. Бұл ретте қордағы қаражат тұрғын-үй мәселесін жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар үй немесе пәтер сатып алу үшін де пайдаланылатынын ескерген жөн.

Сонымен бірге 2021 жылдан бастап азаматтарға жеке зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сеніп тапсыруды, өздері шеше алатын мүмкіндік берілді. Мұндай ұйымдар алдағы уақытта қазақстандықтарға қаражатты дұрыс инвестициялауға жол ашатын стратегиялар әзірлейді деп күтіліп отыр.

Тағы бір ескеретін жайт, салымшылар зейнетақы қорындағы қаржыларының тек артылған бөлігін ғана жұмсай алады. Басқаша айтқанда, азаматтар аталған жинақтардың тек бір бөлігін ғана пайдалана алады. Ал қалған қаражат тиісінше Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде болады деп күтіліп отыр.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ комиссиясы үшін, артылған сомадан аз пайыз алынатын болады. Естеріңізде болса, бұған дейін зейнетақы активтерінің айлық пайызы 0,011% - ды құраған болатын. Енді бұл көрсеткіш 0,01% - ға дейін төмендеді. Айта кетейік, инвестициялық табыстың комиссиялық пайызы бұрынғы деңгейде, яғни 2% көлемінде қалды.

Сонымен бірге 2021 жылдан бастап ұсынылған өнімді сақтандыру компанияларынан сатып алуға болады. Бұл ретте төлем ретінде зейнетақы қорынан жарналар ұсынуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ мұндай жағдайда жеткіліктілік шегі де ескерілетін болады. Айта кетерлігі ер адамдар бұл қызметті 55 жастан, ал әйел адамдар 52 жастан бастап пайдалана алады. Жыл сайын ол 55 жасқа толғанға дейін жас шегін арттыру жүргізілетін болады. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап:

  • азаматтық-құқықтық шарттар бойынша зейнетақы жарналары бұрынғы деңгейге қайтарылады, ол дегеніміз - табыстың 10%-дық мөлшері болып табылады;
  • БЖЗҚ-ға салымдар бойынша өтеу үшін, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорын тарту;
  • Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің аумағында жұмыс істейтіндердің зейнетақы алу мүмкіндігі жасалып отыр.

Қуантарлығы, елімізде зейнетақы жүйесі бір орында тұрмай, қазіргі талаптарға сай, үнемі жаңғыртылып, жетілдіріліп келеді. Осылайша Үкімет жыл сайын егде жастағы қазақстандықтардың өмірін қолайлы ету үшін, барлық жағдайларды жасап келеді.