Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Солтүстік өңірлерде құс атуды уақытша тоқтату ұсынылды

Қазір ондағы өзен-көлдерде 100-ден астам құс түрі мекендейді. Ал күзгі аңшылықпен айналысатын 56 шаруашылық бар.

Солтүстік өңірлерде құс атуды уақытша тоқтату ұсынылды
фото: trofei.by

Аңшылар жабайы құсты атпай қоя тұруы керек. Өйткені, солтүстік облыстарда құс тұмауы өршіп тұр, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл шешімді шығыс өңірдегі аумақтық инспекция өкілдері қабылдапты. Жалпы айтқанда, қазір ондағы өзен-көлдерде 100-ден астам құс түрі мекендейді. Ал күзгі аңшылықпен айналысатын 56 шаруашылық бар.

Мамандар Павлодар облысымен шектесетін Бесқарғай ауданының аңшылары атқан үйректерді елордаға арнайы зертханаға жөнелткен. Сол жерде олардан тұмаудың белгілері бар-жоғы анықталатын болды.

"Ресей мемлекетімен шекралас аудандарда аңшылық ұйымдарға мониторинг жүргізу тапсырылған. Қазір ешқандай жабайы құста құс тұмауы анықталған жоқ. Қараша айының аяғына дейін бізде аңшылық маусым ашылған. Аңшылардың бәрі өздеріне рұқсат қағаздарын алып, аңға шығып кеткен. Оларға біз тыйым сала алмаймыз. Бірақ, ұсыныс ретінде аңшылықты тоқтата тұруды сұраймыз", - деді орман және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Рахымжанов.