Ол биыл 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді.
Нұр-Сұлтанда Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды деп хабарлайды Paryz.kz.
Ескерткіш Қабанбай батыр даңғылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының алдынан орын тепкен.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров биыл 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында дүниеден өткен еді.
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол – грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты.