Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде “дінге сенбейтіндер құқығы” енгізіледі

"Қазақстан - зайырлы мемлекет. Сондықтан дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары тұратынын атап өткім келеді".

Елімізде “дінге сенбейтіндер құқығы” енгізіледі
фото: ашық дереккөз

Еліміздің заңнамасына “дінге сенбейтіндер құқығы” түсінігін енгізу жоспарланып отыр деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежановтың айтуынша, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, заңға нақты түзетулер аясында "дінге сенбейтіндер құқығы" түсінігін енгізу жоспарланған.

Қазір "дінге сенетіндер құқығы" бар, сонымен бірге, "дінге сенбейтіндер құқығын" да енгізгіміз келеді. Қазақстан - зайырлы мемлекет. Сондықтан дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары тұратынын атап өткім келеді. Біз осыған ұмтыламыз, - деді ол.