Оралда 10-11 қыркүйекте Қазақстанның халық әртісі, профессор, күйші-композитор Тұяқберді Шәмеловтың туғанына 70 жыл толуына орай Iреспубликалық әншілер мен күйшілер байқауы өтпек. Оған республика көлемінен 30 өнерпаз қатысады деп күтілуде.
Т.Шәмеловтың шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыруды, елдің рухын биіктетуді, жаңа есімдерді шығаруды мақсат тұтқан байқауға 18-45 жас аралығындағы өнерпаздар қатысады.
"Байқауға қатысушылар ән мен күйден сынға түседі. Екеуі де екі кезеңнен тұрады. Ән жанрынақатысушылар Тұяқберді Шәмеловтің және халық әндерінен өз таңдауы бойынша бір-бір әннен орындаса, екінші кезеңінде Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен Тұяқберді Шәмеловтің авторлық екі әні орындалуы тиіс. Күй жанрында Т.Шәмеловтің авторлық екі күйі «Дәулеткерей-Ақжелең» «Қали–Мәмен күмбір күй» күйлерімен қатар, күйшінің репертуарындағы екі күйді орындауы тиісті. Екінші кезеңінде Тұяқберді ағамыздың «Еділ патша» күйі орындалуы міндетті. Сонымен қатар ол кісінің репертуарындағы үш күймен қатар қатысушы өз таңдауы бойынша халық композиторларынан бір күйді орындауы керек",-дейді Оралдағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшісі және бас дирижері, аталмыш байқаудың әділқазылар алөасының мүшесі Еркін Нұрымбетов.
Жұбан МҰРАТ