Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Оралда мемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбеюде

Орал шаһарындағы 5517 әскери бөлімінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» музыкалық танымдық кеші өтті.

Оралда мемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбеюде
Фото: Жұбан Мұрат

Шара тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған сарбаздардың сахналық қойылыммен бастау алды. Жиналғандарды мерекемен құттытаған аталмыш бөлім командирі, подполковник Сағындық Алқайдаров 100-ден астам этнос тату-тәтті өмір сүріп жатқан елімізде аталмыш мейрамның маңызы зор екенін айтты. «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін тойлаудағы мақсат - көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату. Сондай-ақ жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа отандастарымыздың да мәдениеті мен дәстүрлерін біліп, оларға құрметпен қарауды қалыптастыру» деді ол. Бөлімнің тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстары бөлімшесінің  мемлекеттік тілді енгізу бойынша аға офицері, майор Алмагүл Жұмабекованың айтуынша, әскер қатарында жыл өткен сайын мемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбейіп келеді.

Шара барысында әскери бөлімде кызмет ететін өзге ұлт жауынгерлері мемлекеттік тілде, өздерінің ана тілінде ән шырқап, өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті.

Кеш соңы Орал қалалық мәдени ағарту бірлестігінің аула клубтары өнерпаздары дайындаған шағын  мерекелік концертке ұласты.

Жұбан МҰРАТ