Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Биыл астық тапшылығынан шаруалар шығынға батуы мүмкін (ВИДЕО)

Диқаншылар нарықта тиімді баға бекітілмегенше 1 келі бидай сатылмауы мүмкін деген қауіп барын айтады. 

Биыл астық тапшылығынан шаруалар шығынға батуы мүмкін (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Биыл шаруалар шаш-етектен шығынға батуы мүмкін деп хабарлайды Paryz.kz, «Еуразия» телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар биыл астық 20 пайызға аз жиналады деген болжам жасауда. Бұл аз десеңіз, диқандардың 40 пайызы гектарынан 6 центнерден кем өнім алуы ықтимал. Құзырлы министрлік шаруаларға құрғақшылықтың құрбаны болмау үшін қандай кеңес берді?

Елімізде егін жинау науқаны қыза түсті. Тамыздан бер 8,5 млн гектар жер орылып, 7 миллион тонна астық қамбаға бастырылды. Ал Жамбыл, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны аяқталуға жақын.

Бәрі жақсы, бірақ ылғалдың жетіспеушілігінен жиналған астықтың көрсеткіші көңілді көншітпейді, - дейді шаруалар.

Бүгінде болжанған 15 центнердің орнына 1 гектардан 5 центнер алып жатырмыз. Тыңайтқыштарды бәрін қолдандық, бірақ ылғал жетіспеді. Мол астық аламыз деп техниканың жартысын жаңарттық. Енді оның қаржысын қайтаруда қиналатынымыз анық, – дейді шаруашылықпен айналысатын Талғат Әубәкіров.

Диқаншылар нарықта тиімді баға бекітілмегенше 1 келі бидай сатылмауы мүмкін деген қауіп барын айтады. Олардың есебінше, қазіргі таңда 1 тонна бидайдың құны кем дегенде 100 мың теңгеден жоғары болуы керек. Астық аз алынатындықтан келесі жылға тұқымдық бидай табылмай қала ма деген қорқыныш бар екен.