Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Сот орындаушылар 1 теңге қарыз үшін шоттарды бұғаттап жатыр

Ал белгілі актер Артур Төлепов мемлекет алдындағы айыппұлын жапқанымен, сот орындаушылары екі жыл бойы жеке шоттарын бұғаттан шешпей қойған екен.

Сот орындаушылар 1 теңге қарыз үшін шоттарды бұғаттап жатыр
фото: видеодан скриншот

Қазақстан азаматтары салық органдары мен сот орындаушыларына наразы. Себебі құзырлы мекемелер азаматтардың жеке шоттарын болмашы қарыздар үшін автоматты түрде ескертусіз бұғаттап тастайтын көрінеді. Ал Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары кәсіпкердің тіпті 1 теңге қарызы болса да шотты жауып тастауға толық құқылы екенін айтады деп хабарлайды Paryz.kz 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жас кәсіпкер Айнұр Азаматқызы кірістер комитетіне жылына екі рет жарты жылдық салығын төлеп отырады. Айтуынша, осы жолғы тамызда мемлекет алдындағы барлық берешегін жапқан. Бірақ қалған 138 теңге төленбей қалғандықтан, салық органдары барлық шоттарын бұғаттап тастапты. 

Осы жолғы тамыз айындағы есебімде 130 теңгем жетпей қалған екен. Бірақ ол уведомление маған түнгі сағат 12де келіп тұр. Ал таңертең қарасам менің барлық шоттарымды бұғаттап тастапты. Енді маған осы 130 теңгеге бола шотты бұғаттамай ақ ескерсе болар еді ғой, – дейді Айнұр. 

Ал белгілі актер Артур Төлепов мемлекет алдындағы айыппұлын жапқанымен, сот орындаушылары екі жыл бойы жеке шоттарын бұғаттан шешпей қойған екен.

Жарайды сіздің шотыңызды блокировать етті, бірақ оның ішінде ақша бар ғой. Төлеу керек қой, оның каспиін жауып тастаған басқа банк шоттарын. Осы ретте көптеген сұрақтар туады да сонда, ол ақша карточкасында бола тұра оны қалай шешеді? Сот орындаушылар бұл жағдайда терминалдар мен өзге адамның каспиголды арқылы төлеуге болатынын айтады. Ол жерге өзіңіздің тек ЖСН нөміріңізді терсеңіз, қарызыңыздың сомасы бірден шығады, – дейді актер. 

Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Айбын Өтегенов егер де Каспи терминалдар арқылы төленететін болса, борышкерге қойылған бұғаттар автоматты түрде шешілетінінін айтады. 

Ол туралы борышкерлер жеке сот орындаушыларға хабарлауға міндетті. Салық органдары Айнұр сияқты кәсіпкерлерді үш санатқа бөліп тастаған. Мысалға тәуекелділігі жоғары санаттағы кәсіпкерлерге төлемді тек бір күнге кешіктірсе, ертеңге күні шоттарын бұғатталады. Одан кейін орташа тәуекелдегі кәсіпкерлерге алдын ала 10 күн бұрын ескерту жасалынады. Ал ең төменгі санаттағы кәсіпкерлерге хабарлама да келмейді. Олар 30 күн ішінде қарыздарын төлемесе барлық шоттарын толық жабылады. Ал егерде ескертуге қарамастан, кәсіпкерлер мүлдем төлемесе, мемлекет автоматты түрде шоттағы қаржыдан берешек соманы алуға құқылы, – дейді ол. 

Егер салық берешегі болса онда 6 АЕКтен төмен болса, онда бұғатталу жасалмайды. Егер әлеуметтік төлемдерге келсек, ол жаңағы зейнетақы, әлеуметтік қорға төленетін төлем, медициналық төлемдер. Бұл төлемдерде 1 теңге болса да бұғаттау жасалана береді, – дейді Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Алданыш Адамбеков. 

Елде 60 551 жеке кәсіпкердің 13 837,0 млн теңге салық берешегі бар. Ал әлеуметтік төлем бойынша, 148 501 жеке кәсіпкер 1 817, 5 млн теңге қарыз.