Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Министр Бекетаев электр көлігін мініп жүр екен (ФОТО)

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС сайтының мәліметіне қарағанда, электркар құны 15 миллион теңгеден сәл аз көрінеді. 

Министр Бекетаев электр көлігін мініп жүр екен (ФОТО)
фото: tengrinews.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев электрмобиль мінетін болыпты. Ведомствоның баспасөз қызметі жаңа қызметтік көліктің үнемді екенін және оған министр ғана емес, вице-министрлер де көшкенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Иә, шын мәнінде, Әділет министрі, сондай-ақ, вице-министрлер жақында отандық автоөнеркәсіп шығарған электрмобильдерді қызметтік автокөлік ретінде пайдаланады, – деп растады ведомство.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаевтың қызметтік көлікті күтіп ұстау, шығындарды азайту және елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе, ауа сапасына назар аудару туралы тапсырмасы осы көлікті таңдауға себеп болыпты.

Үнемдеуге қатысты электрмобильдерді пайдалану электр энергиясының шығындарымен салыстырғанда бұрын бензинге бөлінген бюджет қаражатын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Ведомство әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн: республика бойынша 109 қызметтік автокөлік қысқартылды, – деді ведомство өкілі.

Электркөліктің құны, сондай-ақ, Әділет министрлігінде бар көліктердің жалпы саны айтылмаған, бірақ министрдің көлігінің суреті ұсынылған.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС сайтының мәліметіне қарағанда, электркар құны 15 миллион теңгеден сәл аз көрінеді.