Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Оралда жазғы демалыс мәнді өтті

Жазғы демалыс кезінде Оралда 50 пайыздық толымдылықпен сауықтыру лагерьлерін ашуға рұқсат берілген еді. Осы орайда  мектептерде тамақтанусыз жазғы лагерьлер жұмыс жасап, 26 мыңннан аса оқушы қамтылды.

Оралда жазғы демалыс мәнді өтті
Фото: Жұбан Мұрат

«Атамекен» жазғы лагерінде 6 ауысым бойынша 707 оқушы демалды. Түрлі конкурс-байқаулардың жеңімпаздары болған 21 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалыстарын өткізіп келді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан 120 оқушы Бурабай шипажай аумағындағы «Лесная сказка» республикалық лагерінде үш ауысымда демалды. Бұдан бөлек 2 қосымша білім беру ұйымындағы (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) 15 интеллектуалдық үйірмеде 5700 оқушы бос уақыттарын тиімді өткізді.

Мектептен тыс жұмыс орталығы мен Оқушылар сарайында спорттық секциялар, дебаттық мектептер, «Жас ұлан», «Жас қыран» көшбасшылар мектебі жоспарлы жұмысын жалғастырды. Бұл бағыттағы жұмыспен 2200 оқушы қамтылды.

Орал қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жоғары сынып оқушылары үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды. 700 оқушы өз мектептеріндегі қоғамдық жұмысқа жұмылдырылып, мектеп аулаларын көгалдандыруға, «Мектеп. Алма бақ. Оқушы» жобасын жүзеге асыруда  жеміс ағаштарын күтіп-баптауға қатысты.

Жұбан Мұрат