06.09.2021, 16:59

Ақтөбеде тағы бір мектепке "бомба қойылды"

фото: ашық дереккөз

Полиция аноним хабарламаның авторын анықтап, ұстауға бағытталған жедел шараларды қолға алды.

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Paryz.kz

6 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД электронды поштасына Тургенев көшесі, 75 үй мекен-жайындағы КазМЮУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы оқиға орнына бірден аттанып, ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш заттар табылған жоқ, - деп хабарлады облыстық ПД.

Тағы оқи отырыңыз: "Мектептерге бомба қойылды": Ақтөбеде алғашқы қоңырау өтпей қалды (ВИДЕО)

Полиция аноним хабарламаның авторын анықтап, ұстауға бағытталған жедел шараларды қолға алды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы қасақана жалған ақпарат беру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.