Бейнежазбада жастардың жаппай жағаласып жатқаны, біреуінің жерге құлап, кейбіреулерінің қашып кеткені байқалады.
Оралда жастардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға 3 қыркүйек күні шамамен сағат 21.40-та Жәңгір хан көшесі бойында болған.
Бейнежазбада жастардың жаппай жағаласып жатқаны, біреуінің жерге құлап, кейбіреулерінің қашып кеткені байқалады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрін де анықтады. Олар істің мән-жайын толық білу үшін Шаған полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.