Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ресей Кенесарының бассүйегін беруден бас тартуы мүмкін

Кенесарының басын қайтару тақырыбын бұдан да маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерден назар аудару әрекеті деп санайтындар да бар.

Ресей Кенесарының бассүйегін беруден бас тартуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Eurasianet басылымы қазақтілді ортада жиі талқыланатын тақырып – 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ханы, Ресей отаршылдығына қарсы күрестің жетекшісі Кенесары Қасымұлының бас сүйегін қайтару мәселесін қозғаған деп жазады Азаттық радиосы.

Автордың жазуынша, биыл жазда Мәскеуге барған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде әдеттегі саяси тақырыптармен бірге «тосын қолқа салып», Кенесарының бас сүйегін қайтаруға жәрдемдесуді сұраған. Бұл «патриот қазақтардың біразын қатты қуантты» деп жазады автор.

Оның айтуынша, Қазақстанда Кенесары «тарихтан гөрі аңызға көбірек ұқсайды».

1830 жылдары Ресей империясы қамал салып, ықпалын күшейтіп даладағы билігін нығайтып алды. Жаңа дәуір көшпелі тұрмыс салтын бұзып, хандардың беделін түсірді, бұл оқтын-оқтын ашулы қарсылық туғызып отырды.

Патриоттар үшін Кенесары басының оралуы – ар-намыс мәселесі деп жазады автор.

Ал Кенесары қорының басшысы Уәлихан Қайсаровтың айтуынша, «қазақтың ұлттық рухын басып тастаған ескі совет саясатын әлі ұстанып отырған Ресей жәдігерді беруден бас тартуы мүмкін» деп санайды.

Автордың жазуынша, Қайсаровтың сөзі эмоцияшыл болғанымен, оның пікірінің жаны бар. «Қазақстан мен Қырғызстандағы ұлтшылдардың қызмет көрсету саласындағы адамдар жергілікті тілде сөйлесін деп талап қоюын негізсіз деп санаған Ресей саяси сахнасы тербеліс үстінде» деген автор өткен апталардағы ұлт және тіл мәселесіне қатысты Ресейде болған оқиғаларды еске салады.

Кенесарының басын қайтару тақырыбын бұдан да маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерден назар аудару әрекеті деп санайтындар да бар.