Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

145 колледж 330 мамандық бойынша білім беру құқығынан айрылды

145 колледж 330 мамандық бойынша білім беру құқығынан айрылды
Фото: yandex.lv

Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Талдау нәтижелері бойынша, 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат) өз еркімен қайтарып берді.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілгенін атап өтті.

"Департаменттеріміз колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте біз оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, әдебиеттердің, білім беретін тиісті оқытушылардың болуына, оқуға барлық жағдайдың жасалуына назар аударамыз.

Осы жұмыстың нәтижесінде, колледждер қазіргі уақытта өздерінің білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар.

Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген. Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған.

Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындаған жоқ", – деді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.