Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мектепке хиджап киіп келуге бола ма? Аймағамбетов мәселеге нүкте қойды (ВИДЕО)

"Хиджап болсын, қысқа юбка болсын, мектеп формасына сәйкес келмейтін басқа да киімдермен мектепке келуге болмайды..."

Мектепке хиджап киіп келуге бола ма? Аймағамбетов мәселеге нүкте қойды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Соңғы кездері оқушылар мектепке оралса болды-ақ, баласын білім ордасына жібермейтін ата-аналар бой көрсететінді шығарды. Олар мектеп формасына үзілді-кесілді қарсы шығып, әсіресе, қыз балаларына жиджап кигізіп, түрлі діни атрибуттармен оқуға жібергісі келеді. Ал бұл, әрине, заңға қайшы келеді. Мектеп стандартына да еш сай келмейді. Биыл бұл мәселе алдымыздан тағы шықты ма?..

Qasqa Jol Youtube арнасындағы сұхбатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы мәселелерге тоқталды деп хабарлайды Paryz.kz. 

Зайырлы мемлекет болғаннан кейін діни мәселе не басқа мәселе деп бөлмейміз. Мектептердің ережесі бар, министрлік бекіткен арнайы бұйрық бар. Осы бұйрықтың шеңберінде жұмыс істеуіміз керек. Хиджап болсын, қысқа юбка болсын, мектеп формасына сәйкес келмейтін басқа да киімдермен мектепке келуге болмайды, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, талап барлығына бірдей.

Мемлекеттік стандарт деген бар, талап бар, заң бар, мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, білім беру ұйымдары бекітілген ережені орындауы тиіс, - дейді Білім және ғылым министрі.   

Сондай-ақ ол ЖОО-да, жалпы білім беру ордаларында діни уағыз, насихатқа жол бермеу, лекция оқитын азаматтарға шектеу қою туралы жұмыстарға да тоқталып өтті.

Мектептерде қабылданған тәрбие жұмысының, сынып сағаттарының жоспары бар. Осы концепцияның шеңберінде ғана жұмыс істеу керек. Діни, саяси, әлеуметтік болсын мектептің тәрбие беру жұмысына қайшы келетін дүниелерге жол берілмеуі керек. Тәрбие бойынша тұжырымдама бар, құндылықтарға негізделген білім береміз. Сол секілді ең басты құндылықтарымызды дәріптеу арқылы білім ғана емес, тәрбие де беруіміз керек. Бұл ­­­­­- мектептеріміздің алдында тұрған өте маңызды бағыттың бірі, - деді Асхат Аймағамбетов.