Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Мұғалімнің де, оқушының да жүктемесі азайды

Жаңа оқу жылында Оралдағы мектептер ата-аналармен байланысын нығайтудың жаңаформатына көшірілмек. Мектепті басқаруға ата-аналарды тартудың жаңа үлгілері  ұсынылмақшы. Жалпы әрбір білім ұясындағы қамқоршылықкеңестері арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге жіті мән берілетін болады.

Мұғалімнің де, оқушының да жүктемесі азайды

Бұл туралы Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова дәстүрлі тамыз кеңесінде мәлімдеді.

-Биылғы оқу жылы өзіндік ерекшеліктерге толы болмақ. Қаламыздың білім беру ұйымдары оқу жылын айрықша дайындықпен бастағалы отыр. Пандемия жағдайына қарамастан білім беру үрдісі дәстүрлі форматта  жүргізу үшін барлық жағдайжасалған. Яғни мектептер жөндеуден өткізіліп, қажетті  санитарлық нормалар сақталып, барлық ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің 96,8 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтті,-деді Ақжарқын Мұтиғоллақызы.

«Жаңа оқу жылына – жаңа міндет» тақырыбында баяндама жасаған ол биыл мұғалімнің жүктемесі 16 сағатқа азайтылғанын айтты. Білім алушылардың да оқу жүктемесі төмендетілген. Білім беру ұйымдарына үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі туды. 

Жаңа оқу жылындағы ең басты міндет – оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, функционалдық сауаттылықты арттыру екенін де айтып өтті.  Сондықтан білім алушылардың  сұраныстарын ескере отырып, өз білімін  толықтыруда мектептің бар мүмкіндігін пайдалану, сөйтіп өзіндік дамудың жағымды ортасын қалыптастыру назарда ұсталатын болады.

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы