Орал қаласындағы теннис кордтында «Батыс кубогы» атты республикалық турнир өтті. Онда 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер теннистен сынға түсті.
Еліміздің төрт өңірінен келген командалар қатысқан жарыстың ашылу салтанатында Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев Оралда бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөсірпірімдерді спортқа тарту, жаңа үйірмелер ашу бағытында қолға алынып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. Ал теннистен мамандандырлған олимпиада резевтері БЖСМ директоры Азамат Нұрмұханбетовтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Оралдағы теннис орталығында 160 бала жаттығып жүр. Олар осындай сайыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдайтыны анық.
Турнир барысында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінен келген және жергілікті командалар ойын тәртібіне сәйкес өзара сынға түсті. 4 ұл және 4 қыздан құралған кіші жасөспірімдер командалары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жинаған ұпай саны бойынша ақтөбеліктер үздік деп танылды. 2-орын алаң иелеріне, яғни оралдықтарға бұйырды. Маңыстаулықтар қола медаль иегері атанды.
Жұбан МҰРАТ,
Орал қаласы