Президент жолдауында бірқатар шенеунік ұйқыны соққан (ВИДЕО)

Бұл видео әдеттегідей халықтың ашу-ызасын тудырды. Олар шенеуніктердің жұмысқа ұйықтауға келетінін айтып, пікір білдіріп жатты. 

Президент жолдауында бірқатар шенеунік ұйқыны соққан (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгін Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Онда елдегі ең маңызды мәселелер сөз болып, Президент Үкіметке, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Жолдау мемлекеттік телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді деп жазады Paryz.kz.

Маңызды құжаттың жариялануы кезінде ұйықтап, қалғып-мүлгіп отырған шенеуніктерді тікелей эфир кезінде журналист Ерқанат Көпжасар түсіріп алыпты. Сөйтіпті де, instagram-парақшасына жариялап жіберген екен.

Жолдаудың кейбір сәттері. Шенеунік болу оңай ма?! Қызыл қаны төгіліп, Қара тері сөгіліп. Күндіз күлмейді, Түнде ұйықтамайды, – деп жазды ол.

Бұл видео әдеттегідей халықтың ашу-ызасын тудырды. Олар шенеуніктердің жұмысқа ұйықтауға келетінін айтып, пікір білдіріп жатты.