Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Рақымшылық жасау бойынша кімдер жазадан босатылады

4 мыңға жуық адам бостандыққа шығады деп күтілуде.

Рақымшылық жасау бойынша кімдер жазадан босатылады
фото: ашық дереккөз

Қылмыскерлердің кейбір санаттарына рақымшылық жасауға бағытталған "Өлім жазасы мәселелері бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын күшіне енгізді деп хабарлайды Paryz.kz

Аталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар тарапынан қолға алынды. Ол Мемлекет басшысының 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Құжат гуманизм және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қағидаттары негізінде қылмыстық-атқару жүйесінде және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан және қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған, – деді депутат Арман Қожахметов.

Айтуынша, заң жобасы қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, оның ішінде ел азаматтарының әлеуметтік осал санаттарынан босатуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатылатыны хабарланған. Санаттардың толық тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

4 мыңға жуық адам бостандыққа шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына рақымшылық зорлаушылар мен педофилдерге, жемқорларға, адам өлтіргендерге,  экстремистерге, қылмыстық топтардың экс-қатысушыларына қолданылмайды.