Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Зейнетақының бір бөлігін Отбасы банкіне аударуға рұқсат берілмек

Бұған қоса, ол елімізде азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. 

Зейнетақының бір бөлігін Отбасы банкіне аударуға рұқсат берілмек
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударып тұруға рұқсат беруді тапсырды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұған қоса, ол елімізде азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. 

Тұрғын үй – азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. "Баспана Хит" және 7-20-25 сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Ұлттық даму институтына айналатын Отбасы банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында “бір терезе” қағидаты бойынша есеп жүргізіп, тұрғын үй бөлу міндеті тұр, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар президент зейнетақының бір бөлігін тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырды. 

Бұған дейін атап өткенімдей, мерзімінен бұрын зейнетақы жинағының бір бөлігін алудың бірқатар артықшылығы байқалуда. Бұл азаматтардың жалақыларын заңды түрде төленуін талап етуге әкелді деп айтуға болады. Осы тұрғыда зейнетақы жинақтамасының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен жоғары деңгейде Отбасы банкіне тұрғын үй алу үшін аударуға рұқсат етуді тапсырамын. Бұл бастама тұрғындардың қор жинау мен қаражатты тиімді түрде басқаруға дағдылануға ықпал етеді, – дейді Тоқаев.