Алматы облысында 14 жасар қызды төрт жігіт зорлап кеткен

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайттың болғанын растады.

Алматы облысында 14 жасар қызды төрт жігіт зорлап кеткен
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Текелі қаласында 14 жастағы жасөспірімді төрт жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне Ескелді ауданының 36 жастағы тұрғынынан 14 жастағы қызы зорланғаны туралы арыз түскен.

Олардың үшеуінің жасы 17-де, біреуінің жасы 18-де болған. Қазір барлығы да қамауда отыр. Оқиға Текелі қаласында болған. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі сұмдық жайттың болғанын растады.

10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36 жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14 жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17 жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды, - делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.