Instagram қолданушылар енді жасын көрсетуге міндетті болады

Instagram жасты өтірік көрсету сияқты мәселелерді шешудің жаңа жүйелерін жасап жатқанын атап өтті.

Instagram қолданушылар енді жасын көрсетуге міндетті болады
фото: ашық дереккөз

Енді Instagram қолданушылар жасын көрсететін болады деп хабарлайды Paryz.kz

Facebook компаниясының баспасөз қызметі Instagram-да жаңа функция қосымша мүмкіндіктерді іске қосу және әртүрлі контентті көрсету үшін енгізілгенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, бұл бұрын туған күнін көрсетпеген адамдарға қатысты болады. Енді әлеуметтік желілерде пайдаланушылардан желіге бірінші рет кірген кезде немесе әсерлі болуы мүмкін контентті көрсету кезінде хабарлама келеді.

Біз жастар үшін қауіпсіз әрі жеке кеңістік құруды мақсат етіп отырмыз. Ол үшін біз Instagram қолданушыларың қанша жаста екенін білуіміз керек, сондықтан пайдаланушылардан туған күн датасын бізбен бөлісуді сұрап отырмыз, – делінген компания хабарламасында.

Егер пайдаланушылар туған күнін белгілі бір уақытқа дейін белгілемесе, Instagram желіні пайдалануды шектейді.

Instagram жасты өтірік көрсету сияқты мәселелерді шешудің жаңа жүйелерін жасап жатқанын атап өтті.

Жақында хабарлағанымыздай, біз "Туған күніңмен" деген сияқты хабарламалар негізінде адамдардың жасын бағалау үшін жасанды интеллект қолданамыз. Болашақта, егер қолданушылардың бірі бізге жасы үлкен екенін хабарласа, біздің технологиямыз олай емес екенін анықтаса, қолданушыға олардың жасын растау үшін бірнеше нұсқаны ұсынамыз,  – деді Instagram-да.