Департамент басшылығы бұған назар аудармайды, мен жұртшылықтың назарын осы мәселеге аударуды сұраймын.
Алматы қалалық полициясы интернетте пайда болған ер адамның полиция қызметкерін ұрған видеосынан кейін тексеру ұйымдастырды деп хабарлайды Paryz.kz.
Видеодан ақ көйлек пен шалбар киген ер адамның полиция қызметкерін ұрғанын көруге болады. Видео астында оған түсініктеме де беріле кеткен.
Сәлеметсіздер ме! Видеода ақ футболкадағы Наурызбай аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары. Полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы, жекпе-жектен спорт шебері ретіндегі шеберлігін қолдана отырып, жас офицерлерді жүйелі түрде осылай ұрады. Департамент басшылығы бұған назар аудармайды, мен жұртшылықтың назарын осы мәселеге аударуды сұраймын. Оның жанында, яғни Жақыпбаевқа көмектесіп, жас қызметкердің қолын ұстап отырған Криминалдық полиция басқармасының орынбасары Тұрымбетов Ерлік, - делінген.
Алматы Полиция департаменті бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме берді.
Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында видео зерттеліп, мән-жай анықталады. Алматы қалалық ПД Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды, - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.