Орал қаласындағы білім ұйымдары сапалы білім мен саналы тәрбие беруін одан әрі жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы құрылымдардың алдына жаңа міндеттемелер қойылып отыр.
-Білім саласын дамыту, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау — қашан да ең басты міндеттердің қатарында. Еліміздің тұрақты дамуының кепілі болар ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беру - білім саласы қызметкерлерінен талап етілетін маңызды жауапты іс.
Осы ретте алдағы оқу жылында біз басшылыққа алуымыз тиіс бірнеше міндеттер бар.
Біріншісі, оқушылардың денсаулығын сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Екіншісі, бүлдіршіндерімізді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын арттыруда жекеменшік балабақшаларды ынталандыру.
Одан кейін оқушыларға кәсіби бағдар берудегі жұмысты жандандыру.
Төртіншісі, заман талабына сай білімі терең, санасы сергек және дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
Соңғысы, мектептердегі менеджмент сапасын арттыру,-дейді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.
Жұбан МҰРАТ,
Орал қаласы