Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алтын Орда базарында көпбалалы қайыршы садақа бермегендерді сабап жүр (ВИДЕО)

5 баланың шешесі "Денені жарақаттау", "бұзақылық", "қоқыс тастау" және "қоғамдық орында тиісу" сынды әкімшілік баптардың бәріне сұранып тұр екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Департамент полиции Алматинской области сообщает, что по данному факту 03 октября текущего года с заявлением в полицию обратились гр. М., ее дочь гр. Б. и пассажир А. По данному факту установлена 37-летняя гражданка К., нигде не работающая, занимающаяся попрошайничеством на территории рынка Алтын орда. На установленное лицо составлено 6 административных протоколов, из них 3 протокола по ст.73 КРКоАП (причинение телесных повреждений), а также по ст. 434 (мелкое хулиганство), по ст. 434 ч. 2 (выброс мусора), по ст. 469 ( приставание в общественном месте) В настоящий момент возбуждено административное производство, назначена судебно-медицинская экспертиза, по заключению которой будет принято окончательное процессуальное решение. Пресс-служба Департамента полиции Алматинской области

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Алтын Орда базарында көпбалалы қайыршы садақа бермегендерді сабап жүр (ВИДЕО)
фото: stan.kz

Мына карантиннен жұрттың жүйкесі жұқарып бітті әбден. Айталық, Алматыдағы Алтын Орда базарының жанында бір қайыршы әйел садақа бермеген жүргізушінің қолынан тістеп алып, көлігінің терезесін шағып тастады, деп хабарлады paryz.kz.

Полиция көше ортасында "қояншығы ұстап" жүрген келіншектің жеке басын анықтады. Көпбалалы екен. Тіпті, сол төбелесетін күні 5 баласын шұбыртып соңынан ертіп жүрген. Еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты. Сонда да ол оспадар қылығы үшін қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.

Жалпы, қалада одан жәбір көргендер аз емес екен. Олардың дені әлімжеттігі әлеуметтік желіні шарлаған әйелге қатысты шағымын видео астына жазып, мұңын шағып жатыр.

"Өткен жылы тамыз айында Алтын Орда жолында кетіп бара жатқанда бірінші рет жаңағы әйелді 4-5 баласымен көрдім. Үлкен қызын ағашпен өте қатты ұрып жатты. Мен оған: "Тәте, балаңыз ғой, ұрмасаңызшы!" - деп ескерту жасадым. Маған нешетүрлі боқтық сөз айтып, көлігімді ұра бастады", - дейді қала тұрғыны Римма Әбітова.

Енді қазір 37 жастағы әпербақан әйелге қатысты 6 әкімшілік іс қозғалып отыр. Ал жергілікті жұрт сол сияқты қайыршылардың көбейгеніне алаңдаулы. Бірі аяққа оралса, енді бірі көлік қозғалысына қиындық тудырады деседі. Содан кейін жергілікті полицейлер қайыршыларға "қарсы күресті" бастап та кетіпті.

"Аталған фактке байланысты Алтын Орда базары маңында арнайы рейдтік шаралар жүргізілген. 12 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қайыр сұрап жүрген 37 жастағы әйел анықталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижиелерімен әкімшілік материал сотқа жіберілетін болады", - дейді Алматы облысының ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Атап айтқанда, 5 баланың шешесі "Денені жарақаттау", "бұзақылық", "қоқыс тастау" және "қоғамдық орында тиісу" сынды әкімшілік баптардың бәріне сұранып тұр екен. Айыппұл көлемінің аз болмасы анық. Ал полицейлер биыл жыл басталғалы бері Алтын Орда базарының маңынан 2 мың 400-дей қайыршыны ұстадық деп отыр.