Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдағы 14 мектептің шатыры жөнделуде

Орал қаласындағы 14 мектеп ғимаратының шатырларында жөндеу жүргізілуде. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты қала әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы жөндеу жүргізіліп жатқан білім ұяларының дайындығын тексерді.

Оралдағы 14 мектептің шатыры жөнделуде
Фото: Томирис Сұлтан

Ағымдағы жылдың 3-9  маусым аралығында қала аумағында нөсер жауын кезінде 14  мектептің шатырынан су кетіп, төтенше жағдай орын алған еді. Мектептердің жағдайын қалпына келтіру үшін жергілікті қазынадан қаражат бөлінген. Соған сәйкес жөндеу жүргізілуде. Білім ордаларына барған қала әкімі жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, мердігер мекемелерге білім күніне дейін жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Мәселен, №3 орта мектептің төбесіндегі екі аймақ опырылып кеткен. Білім ошағының басшысы Л.Юшинаның  айтуынша, ғимараттың ашылғанына 70  жылдай уақыт өткен. Ағымдағы жөндеу уақытылы жүргізілгенімен, шатырына 15  жыл бұрын жөндеу жасалыпты. Әбден ескіріп, жаңбыр жауса су сорғалайтын көрінеді. Енді ол күндер артта қалды. Жаңа оқу жылында бұл білім ұясында 700-ден астам оқушы білім алады.

Ал А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектептің шатырынан бөлек «Б» блогындағы 1200 шақырым аумақта жөндеу жүргізілуде. Мектеп басшысы А.Қалымбет атап өткендей,  ағымдағы ішкі жөндеу 100 пайызға аяқталып, сыртқы жұмыстар 95 пайызға орындалған. 31 тамызға дейін аяқталуы күтілуде. Мектепте биыл 1200-ден астам оқушы білім алмақ.

Жалпы Орал қаласы бойынша 51 мектепте биыл 55 мыңнан астам оқушы оқиды. Бұл өткен жылғы оқушылар контингентінен 3000-дай балаға көп.

 

Томирис СҰЛТАН