Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда тың жоба қолға алынды

Жергілікті кәсіпкер гигиеналық мақсатта аяқ киім сыртынан киетін полиэтиленді  бахила  шығаруда.

Оралда тың жоба қолға алынды
Фото: Жұбан Мұрат

Табан жағы қос қабатты болып келетін мұндай бахиланың баламасы еліміздің батыс өңіріңінде ғана емес, республика бойынша жоқ екен.

Оралдық Арман Давыдов «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 3,5 млн теңге несиеге ие болып, отбасылықты кәсіпті бастаған екен. Бахила шығару идеясы биылғы  «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы аймақтық комиссияда инновациялық жоба ретінде танылып, 4 млн теңге грант ұтып алған. Бұл қаражатқа Қытайдан  арнайы құрылғы сатып алған.

Кәсіпкердің айтуынша, бахиланың бір данасы  3 теңге 50 тиыннан сатылады. Жаз маусымында өнімге сұраныс аз болатындықтан,  айына орта есеппен 100-150 мың данасы өніріледі. Ал қыс мезгілінде  400 мың  данадай өндіру жоспарланып отыр. Жалпы құрылғы  минутына 100 дана бахила  шығаруға қауқарлы.

Жұбан Мұрат