Орал қаласының білім беру бөлімі жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясын ерекше жағдайда өткізді. Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайлас өткен акция аясында ата-аналарға көмек алу туралы заң аясында кеңес берілді. Сондай-ақ бой сергітіп, көңіл көтерер шаралар өткізілді.
«Атамекенге» бір күн» шарасы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына саяхаттан бастау алды. Орталық директоры А.Құрымбаев жыл бойы жұмыс жасап, оның ішінде жазғы кезеңде оқушылардың табиғат аясында тынығып, сауықтырылатын лагеріне айналатын мекемені толықтай таныстырып өтті.
Орталық сахна алдында өткен ресми шарада «Айлин» жеке балабақшасы мен Гүлнар Айтжанова, Злиха Нигмалова, Аслан Акшалов есімді жеке кәсіпкердердің демеушілігмен 15 балаға киім-кешек түрінде базарлық ұсынылды.
Сондай-ақ балалар «маска-шоуынан» көрсетілім жасап, дене шынықтыру нұсқаушысының көмегімен жасанды жартасқа (скалодром) өрмеледі.
Аналарға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің маманы, және білім беру бөлімінің заңгері АӘК-тің тағайыналуы, құжаттар жинақтау, білім ұйымы тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндірді. Аналардың тарапынан қойлыған сауалдарға жауап берілді. Бұдан бөлек таза ауада йога жаттығуымен бой сергітті.
«Атамекеннің» бұл күнгі меймандарына арналған шара Шаған өзенінде қайықпен серуенге жалғасты. Сондай-ақ аналар мен балалар караокемен ән айтып, әдемі көңіл күймен тарқады.
Томирис СҰЛТАН